Алматыда заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешенін бұзу жұмыстары басталды. Бұл туралы қала құрылысын бақылау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Кazinform.
Басқармадан атап өткендей, Алматы әкімдігі мен қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тау бөктерінде заң талаптары мен құрылыс нормаларына сай келмейтін 52 нысанды анықталды.
Солардың бірі – Витебская көшесі, 44/3,44 А мекенжайда орналасқан KHAN тұрғын үй кешені.
«Бұл нысанды «Tennis.kz» ЖШС салған, эскиздік жоба келісілмеген, авторлық және техникалық қадағалау, сараптама қорытындысы жоқ, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабар бермеген. Тапсырыс берушіге қатысты басқарма ӘҚБтК — нің 316-бабы 1-бөлігі, 321, 462-бөлігі бойынша шаралар қабылдады, сондай-ақ осы жылдың 28 сәуірінде Алматы қалалық мандандырылған ауданаралық экономикалық соты тұрғын үй кешенін сүру жөнінде талап арыз берді», — деп хабарлады басқармадан.
Сот талқылаулары аяқталғаннан кейін 24 қазанда Алматы қалалық сотының қаулысымен нысанды бұзу туралы бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды.
Заңсыз салынған нысанды бұзу Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен жүргізіледі.