aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Мәжіліс капиталдың шетелге шығуына тосқауыл қоятын құжатты мақұлдады

13 декабря, 2023
in Uncategorized
0
Мәжіліс капиталдың шетелге шығуына тосқауыл қоятын құжатты мақұлдады
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Парламенттегі жаңа заң жобасы аясында капиталды заңсыз иемденуге тосқауыл қойылатынын айтты.

«Жалпы капиталды заңсыз иемдену немесе сыртқа шығаруға қарсы кешенді жұмыстар атқарылып жатыр. Соның аясында трансферттік баға белгілеуді бақылау ескерілген. Бүгін Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы бойынша қосымша делдалдардың пайда болуына шектеу қоямыз», — деді Е. Жамаубаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына.

Оның айтуынша, мұндай делдалдар көп жағдайда шетелде құрылады.

«Яғни бізден алған шикізаттық тауарларды олар төмен бағамен шығарып, шетелде жоғары бағаға өткізеді. Осыдан алған табысты қалталарына басып келді. Біз осы деректерді салық бойынша тексерулер кезінде анықтадық. Заң жобасын бір жыл бойы бизнестің және мемлекеттік органдардың өкілдерімен талқылап, бұл құжат Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданды. Бұл құжат қабылданса, республикалық бюджетке қосымша 50-100 млрд теңге сомасында қаражат түседі деп санадық. Әрине, заң талаптарын барлығы орындаса, Қаржы министрлігі жағынан ешқандай қудалау болмайды», — деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Бұл ретте ол аталған әдіспен пайда тауып келгендерді салық саласындағы құпия тәртібі бойынша атай алмайтынын айтты.

«Пайда көрген ұйымдардың атауы бар. Біз салық саласындағы құпия нормасы аясында ол компанияларды атай алмаймыз. Себебі олар өздерінің айыппұлдарын толықтай төледі. Егер олардың атауын жарияласақ, осы компаниялардың репутациясына нұқсан келеді. Бұл компаниялар халықаралық дәрежеде жұмыс істеп жатыр. Осы компаниялар сыртқы трейдерлермен қарым-қатынаста трансферттік баға белгілеу кезінде айырмашылық болған. Мұндай әрекетке қолданыстағы заң мүмкіндік берген, ал енді жаңа заң бойынша осы іс-қимылдар шектеледі», — деді Ерұлан Жамаубаев.

Алдыңғы жаңалық

«Көмек қажет» белгісін көрсеткен: Ақтөбеде полицей жас жігітті құтқарып қалды

Келесі жаңалық

Қытай Қазақстаннан жүк қабылдауды уақытша тоқтатты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі