aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БҚО-да тәрбие жұмысы орталығының директоры ұлын лагерьдегі жұмысқа заңсыз қабылдаған

21 декабря, 2023
in Жаңалықтар
0
БҚО-да тәрбие жұмысы орталығының директоры ұлын лагерьдегі жұмысқа заңсыз қабылдаған
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Батыс Қазақстан облысында тәрбие жұмысы орталығының директоры баласын жұмысқа заңсыз кіргізген, деп хабарлайды Kazinform.

БҚО прокуратурасынан түскен мәліметке қарағанда, заңбұзушылық Бәйтерек ауданының прокуратурасы балалар лагерьлерінде тексеріс жүргізген кезде анықталды.

Тексеру барысында «Тәрбие жұмысы орталығы» МКҚК директорының «Жас ұлан» балалар лагеріне тиісті білімі және біліктілігі жоқ өзінің баласын жұмысқа заңсыз қабылдағаны белгілі болды. Сонымен қатар оған белгіленген мөлшерден артық жалақы аударылған.

«Аудан прокуратурасының қадағалау актісімен құқыққа сыйымсыз артықшылық білдіргені үшін МКҚК директоры «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабының 1-тармағының 4-тармақшасы негізінде қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Артық аударылған жалақы мемлекетке қайтарылды.

Бұдан бөлек, «Достық» балалар лагерінің ғимараты апатты жағдайда екені және балалар лагерінің жұмысын санитарлық-эпидемиологиялық, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамай жүргізгені анықталды. Сондай-ақ 13 лагерь жұмысшысында тиісті медициналық рұқсат болмаған. Оған қоса балалар лагерінің меңгерушісі тұлғаларды жалған жұмысқа орналастыру арқылы бюджет қаражатын жымқырған және сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салған.

Бәйтерек ауданы прокуратурасының бастауымен Қылмыстық кодекстің 189-бабының 2-бөлігі (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қызмет бабын пайдаланып бөтеннің мүлкін талан-таражға салу) және 190-бабының 2-бөлігімен (қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық) қылмыстық істер тіркелді.

Кейіннен мемлекетке келтірілген залалдың толық көлемде өтелуіне байланысты қылмыстық істер ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды», — деп хабарлады ведомстводан.

Алдыңғы жаңалық

Қазақстанда көлік арзандады

Келесі жаңалық

Әділет министрлігі: Қымызды қазақ сусыны ретінде патенттеу мүмкін емес

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі