aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Көзқарас

Сенатор зейнетақы жинағын төлеу кезіндегі салықты жоюды ұсынды

21 декабря, 2023
in Көзқарас
0
Сенатор зейнетақы жинағын төлеу кезіндегі салықты жоюды ұсынды
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сенатор Бекболат Орынбеков өзінің депутаттық сауалында зейнетақы жинағын төлеу кезінде жеке табыс салығын (ЖТС) ұстауды жою туралы мәселені қарауды ұсынды, деп хабарлайды Kazinform.

Депутаттың айтуынша, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне қазір 10% жеке табыс салығы салынады. Азаматтар өз жинақтарының бір бөлігін қазір тұрғын үй сатып алу немесе емделу үшін пайдалана алады. Бұл ретте, ақша алған кезде бірден немесе зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін ай сайын тең үлеспен салық төлегеннен кейін жүзеге асуы тиіс.

«БЖЗҚ-дан жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен арнайы әлеуметтік төлемдер тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемін алу кезінде туындайтын кейінге қалдырылған ЖТС сомасына түзетілуі тиіс. Осы түзетудің салдарынан зейнетақы төлемі мөлшерінің едәуір азаю қаупі бар. Ал кейбір жағдайда оның мөлшері ең төменгі зейнетақы мөлшерінен де аз болады. Мұның бәрі зейнетақы төлемдерін алушылар жағынан әлеуметтік шиеленіс пен наразылықтың туындауына әкелуі мүмкін», — деді Бекболат Орынбеков.

Сенатор осыған байланысты өз ұсынысын жолдады. Олардың бастысы – зейнетақы жинағын төлеу кезінде жеке табыс салығын ұстамау.

«БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемі зейнеткерлер мен Қазақстан халқы үшін әлеуметтік маңызды мәселе саналады. Осы ретте, зейнетақы төлемінен салық түрін ұстап қалу зейнетақы сомасын азайтады, бұл қазіргі нарықтық жағдайда айтарлықтай маңызды мәселе. Себебі зейнетақы қорынан түсетін төлемдер – зейнеткерлер үшін негізгі табыстың бірі. Бұл тұрғыда болашақ зейнеткерлердің әл-ауқатына оң ықпал ету мақсатында барлық зейнетақы жинағын төлеу кезінде ЖТС ұстап қалуды жою туралы мәселені қарау ұсынылады», — деді сенатор.

Алдыңғы жаңалық

Елші: Пәкістанның 5 долларлық құралын делдал елдерден 50 долларға сатып аламыз

Келесі жаңалық

Адам өлтірген күдіктілер жер астында жасырынып жүрген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі