Еліміздегі екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.
Жамбыл облысында — 1 учаске
«Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а.-Қайнар а. дейін (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы) — 79 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады
Жетісу облысында -1 учаске
«Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст. аралығы – 100 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда күтіп-ұстауға 312 бірлік техника және 480 адам жұмылдырылды.