Абай облысында 17 жолаушысы бар автобус аударылды. Екі адам зардап шекті. Кюветтен автобусты шығару бойынша шаралар қабылдануда, деп хабарлайды Polisia.KZ.
«Абай облысының Үржар ауданында Мақаншы ауылынан 35 шақырым жерде, қатты желдің салдарынан 31 жастағы коммерциялық жолаушылар автобусының жүргізушісі рульді басқара алмай 17 жолаушымен кюветке ұшып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ауруханаға 2 адам жүгінді», — делінген хабарламада.
Автобус Қабанбай батыр ауылы — Алматы бағытымен жүрген.
Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.