Ақтөбе-Астрахань автожолының 205 шақырымында төрт көлік соқтығысты, деп хабарлайды Диапазон ақпараттық сайты.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Mitsubishi» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қайтыс болды.
«Бұл бір отбасының мүшелері — әкесі, баласы және анасы болатын», — деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.