Елордада жеке сот орындаушылар мүгедектердің төлемдерін заңсыз бұғаттап, оларды жәрдемақыларынан айырған, деп хабарлайды Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Астана қаласының прокуратурасы жеке сот орындаушылары мүгедек ретінде әлеуметтік жәрдемақы алушы 27 борышкердің банк шоттарына тыйым салғанын анықтады.
Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алуға арналған банк шоттарына тыйым салуға болмайды.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жарты миллион теңге қаражат қайтарылып, банк шоттары қайта ашылып, 27 тұлғаның 1,2 млн. теңге қаражатқа қол жеткізуіне мүмкіндік жасалды.
Қазіргі уақытта қала прокуратурасы уәкілетті органмен бірлесіп, нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруда.