Атырау облысы прокуратурасы өңір экономикасын демонополизациялау бағытында дәйекті жұмыс жүргізуде.
«Joint Technologies» ЖШС-нан «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС үлесінің 50% сатып алу-сату шарты бойынша ерекше талаптарды бұзғаны үшін бюджетке 1,7 млрд теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы өндірілді.
«Сондай-ақ, бәсекелестікті қорғауды бұзғаны үшін парк сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 324 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», — деп жазды бақылаушы органнан.
Бұған дейін прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 5,7 млрд теңгеге 50% үлес түріндегі мүлік мемлекетке қайтарылған болатын.