aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Қызыл бұрыш

Мемлекет ондайды кешірмейді: СІМ Тина Канделакидің Қазақстанға кіргізілмейтінін айтты

22 января, 2024
in Қызыл бұрыш
0
Мемлекет ондайды кешірмейді: СІМ Тина Канделакидің Қазақстанға кіргізілмейтінін айтты
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ресейлік тележурналист Тина Канделакидің Қазақстанда орыс тілінің қолданыс аясы тарылып бар жатқаны туралы мәлімдемесіне пікір білдірді.

«Көрші елдегі азаматтар, өз достарымыздың біздің ел туралы бейхабар екені адамды кішкене өкпелетеді. Өйткені олардың біз туралы ақпараты дұрыс емес. Біздің елге келіп қалай өмір сүріп жатқанымызды өз көзімен көрсін. Ойдан шығарып жаза бергенше, әлеуметтік желіде қырылысқанша одан да өзіміздің жұмысымызды одан әрі қарай жалғастырайық», — деді СІМ ресми өкілі.

Дегенмен, А.Смадияров аталмыш журналистің Қазақстанға кіре алмайтынын айтты.

«Тізім деп сіздер қайта-қайта сұрай бересіздер. Нақты бір, екі, үш деген тізім жоқ. Ол — жалпы әр мемлекеттің өзінің ішкі шарасы. Сізге біреу ұнамаса, үйіңізге кіргізбейсіз ғой. Тура сол сияқты біз де кіргізбейміз. Керек кезде шара қабылданады. Оны нақты „бүгін кіргіздіңіздер ме, ертең кіргізесіздер ме“ деп талап етпеңіздер. Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді. Ол Қазақстанға келе қоймас, келген жағдайда кірмейді», — деді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік тележурналист Тина Канделаки әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанда бірнеше теміржол стансасының атауы өзгеруін орыс тілінің аясын тарылту деп пікір білдірген болатын.

Алдыңғы жаңалық

Петропавл тұрғыны Facebook-те жала жапқаны үшін 20 тәулікке қамалды

Келесі жаңалық

Садыр Жапаров: Қырғызстан көршілеріне қанша су қажет болса, сонша береді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі