Әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзге де тұтқындармен бірге отыр. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты.
«Іс аяқталды. Қазір материалдармен танысу жүріп жатыр. Содан кейін сотқа жіберіледі. Оның процесі мынадай: зардап шегуші де, күдікті те тарап танысады. Меніңше, процесс аяқталып қалды. Тергеу толығымен аяқталды. Іспен танысып болғаннан кейін прокуратураға жібереміз», — деді министр Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Сонымен қатар ол түрмеде отырған Қуандық Бишімбаевтың жағдайы жасқы екендігін айтты.
«Барлығына бірдей жағдай жасалған. Ол тұтқынға алынды. Сондықтан жалпы негізде, өзгелермен бірге отыр. Денсаулығында бәрі дұрыс», — деді Ерлан Сәденов.
Еске салайық, былтыр 9 қарашада Астанадағы Бау мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмды.
Кейін Ішкі істер министрлігі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.