aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Үш сағатқа пәтер жалдаған»: Талдықорғанда курсант жұмбақ жағдайда көз жұмды

7 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
«Үш сағатқа пәтер жалдаған»: Талдықорғанда курсант жұмбақ жағдайда көз жұмды
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Талдықорғанда екі күн бұрын қайтыс болған жасөспірімнің ата-анасы өлімге басқа нәрсе себеп болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды  Almaty телеарнасы.

Қайғылы жағдай екі күн бұрын болған. Дегенмен оқиға орнында қып-қызыл қан іздері әлі жатыр. Жетінші қабаттан пәтер жалдап, терезеден секіріп кеткен Асылжан Абдуллаев – Ақтөбедегі авиация училищесінің курсанты. Қысқы демалысқа үйіне келген бозбаланы әкесі Алматыға жол жүру үшін таксиге мінгізіп жібергенін айтты. Бірақ оның Талдықорғанда қайтыс болғанын естігенде төбесінен жай түскендей күй кешкен. Марқұмның ата-анасы баламызды өлімге бәзбіреулер итермелеуі мүмкін деп топшылайды.

«Ол өзіне қол сала алмайды. Біреу дайындаған шығар? Таксиден түсіп, 3 сағатқа пәтер жалдап, оның ақшасын төлеген. Демек, кінәлі адам бар», – дейді марқұмның әкесі Асхат Мыңжасаров.

«Кішкентайынан тәп-тәтті ерекше бала болды. Өзіме қатты жақын еді. Папасы да, мен де ерекше жақсы көрдік. Мінезі өте жақсы, сыныбында сыйлы болды. Бәрі «Аса» деп еркелететін. Үйден шыққанда да көңіл күйі жақсы болды», – дейді марқұмның анасы Анаргүл Мыңжасарова.

Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу бастаған полиция жас жігіттің мұндай сұмдық қадамға не үшін барғанын анықтауға кірісті.

«Полицейлер өзін-өзі өлтіруге жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Айта кетейік, өңірде соңғы жылдары жантүршігерлік қылмыстар жиілеп кеткен. Мәселен жыл басында Алакөл аудандық мәслихаты депутатын өлтіріп кетсе, іле-шала қала көшелерінің бірінен тамағы кесілген екі адамның денесі табылған. Десе де, облыстық полиция департаменті аймақта криминалды ахуал тұрақты деп хабарлап отыр. Олар күнделікті тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтың алдын алуға байланысты жұмыстар атқарылып, іс дер кезінде жабылатынын айтты.

Алдыңғы жаңалық

Ақмола облысында 24 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан секіріп мерт болды

Келесі жаңалық

«Қазір жайбарақат отыруға болмайды»: Тоқаев Үкіметтің жұмысына жаңа серпін беру керегін айтты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі