aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Букмекерлер салық органдарына бәс тігу мәліметтерін ұсынатын болады

8 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
Букмекерлер салық органдарына бәс тігу мәліметтерін ұсынатын болады
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Букмекерлер мен тотализаторлар салық органдарына бәс тігу мәліметтерін ұсынатын болады. Осы жылдың 12 ақпанынан бастап букмекерлер мен тотализаторлар салық органдарына бәс тігу мәліметтерін ұсына бастайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті Арнаулы салық режимдері басқармасының басшысы Ерқанат Шымберген айтты.

«Өткен жылдың 12 желтоқсанында Салық кодексіне тиісті өзгертулер енгізілді. Өзгерістердің бірі – букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың мемлекеттік кірістер органдарына бәс тігу туралы мәліметтерді ұсыну міндеттемесі. Бұл мәліметтер ықпалдастырылған режимде беріледі. Яғни, салық органдары мен букмекерлік кеңселер арасында ықпалдастырылған өзара іс-қимыл болады. Букмекерлік кеңселерде аппаратық-бағдарламалық кешен бар. Онда бәс тігу, ұтысқа қатысушылар туралы барлық дерек тіркеледі. Осы деректердің бәрі салықтық әкімшілеу мақсатында мемлекеттік органдарға беріледі. Бұл түзету осы жылдың 12 ақпанынан бастап күшіне енеді. Содан кейін ықпалдастықтың тиісті ережесі, сонымен қатар мемлекеттік кірістер органдарына берілетін мәліметтер құрамы бекітіледі. Жалпы, бұл ереже ықпалдастық тәртібін, сондай-ақ берілуі тиіс мәліметтер құрамы қарастырылады», — деді ол комитетте өткен брифингте.

Осы орайда ол ел тұрғындарының жеке деректерін мемлекеттік кірістер органдарына беру қаншалықты заңды екендігін айтты.

«Бұл деректер салықтық әкімшілеу мақсатында ғана пайдаланылады. Яғни, бұл ЖСН туралы бұл мәліметтер салықтық құпия саналмайды. Олардың құпиялылығы тиісінше заңнамалық актілермен қамтамасыз етіледі. Бұл мәліметтерді салық органдары ғана қолданады. Оны жария еткені үшін жауапкершілік бар», — деді Ерқанат Шымберген.

Алдыңғы жаңалық

Ақтөбенің екі ауданында төтенше жағдай жарияланды

Келесі жаңалық

Шымкент қаласының өңірлік резервіне іріктеу басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі