Ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 48 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда:
Абай облысында – 1 учаске;
Ақмола облысында – 14 учаске;
Ақтөбе облысында – 5 учаске;
Шығыс Қазақстан облысында – 2 учаске;
Қарағанды облысында – 5 учаске;
Қостанай облысында – 7 учаске;
Қызылорда облысында – 1 учаске;
Павлодар облысында – 4 учаске; Солтүстік Қазақстан облысында – 8 учаске;
Ұлытау облысында – 1 учаске.
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 519 бірлік техника және 864 жолшы жұмылдырылды.