Қазақстандық Нұрқанат Серікбаев Тбилисиде өтіп жатқан Grand Slam сериясының дзюдодан турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды.
Шешуші жекпе-жекте Серікбаев Израильден келген ям Вачскийді жеңді.
Айта кетейік, бұған дейін Ғалия Мыңбаева (48 келіге дейін) үшінші болды.