aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қонаевтағы бойжеткеннің өлімі: полиция оқиға туралы мәлімдеме жасады

25 марта, 2024
in Жаңалықтар
0
Қонаевтағы бойжеткеннің өлімі: полиция оқиға туралы мәлімдеме жасады
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қонаев қаласында 18 жастағы бойжеткеннің өліміне қатысты Алматы облысының Полиция департаменті мәлімдеме жасады. Бұл туралы  ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, 21 наурыз күні Алматы қаласының полициясына Алматы облысының аумағында кісі өлтіру туралы хабарлама келіп түсті.

«Бұл ақпаратты біз дереу тексеріп, нәтижесінде 2006 ж.т. қызды өлтіру дерегі расталды. Қонаев қаласының полициясында кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері 2001 және 2003 жылы туған екі күдікті азаматты анықтап, ұстады», — деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Тергеу барысында күдіктілер 15 наурызға қараған түні жас қызды Қонаев қаласының шетінде орналасқан адам жүрмейтін жерге апарып өлтіргені анықталды.

«Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде кісі өлтіруді екі күдікті жасағаны анықталды және олар қамауға алынғанын хабарлаймыз. ҚР ҚПК талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды», — деп толықтырды облыстың бас полицейі.

Айта кетейік, марқұмның есімі – Жаннұр, ол небәрі 18 жаста болатын, аспазшы мамандығы бойынша колледжде оқып жүрген.

«Туыстарының айтуынша, өліміне күдікті төрт адам – Қонаев қаласының тұрғындары. Олардың жасы – 18-21 аралығында. Жаннұр олардың бірімен жақында, 7 наурыз күні танысқан. Шамамен 14-15 наурыз аралығында аяусыз соққыға жығып, өлтіріп кеткен. Туыстары келтірген тағы бір мәліметте күдіктілер бойжеткеннің телефоны арқылы несие алып, қала сыртына шығарып, сойылмен ұрып-соққаны айтылады. Содан кейін Бақанас бағытына қарай далада өлу үшін қалдырып кеткен. Туыстарына оның мәйіті 21 наурызда табылғанын хабарлады», — деп жазады «Немолчи» қоры.

Туыстарының айтуынша, екеуі ұсталып, екеуі бостандықта жүр.

Алдыңғы жаңалық

Ақтөбеде 4 жасар бала ауыл маңындағы суға батып кетті

Келесі жаңалық

Қызылордалық ғалым қыздардың жұмысы сала мамандарының назарын аудартып отыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі