aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Оралда ауласын су басқаны жөнінде тұрғындардан 600-ге жуық өтініш түскен

26 марта, 2024
in Жаңалықтар
0
Оралда ауласын су басқаны жөнінде тұрғындардан 600-ге жуық өтініш түскен
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Оралда су тасқынының алдын алу бойынша қалалық штаб 15 наурыздан бастап жұмыс істеп жатыр.

Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиевтің брифингіде мәлім еткеніндей, қалалық штабтың жедел желісіне тұрғындардан ауласын су басу туралы 249 мекенжай бойынша 600-ге жуық өтініш түскен.

Жандос Асхатұлының сөзіне қарағанда, өтініштер көбінесе Зачаган, Деркөл кенттерінен, жеке тұрғын үй секторларынан түсуде. Атап айтқанда, Зачаган кентінде Көктем, Кең дала шағын аудандары, Нарын, Баян сұлу, Шұғыла, Жерұйық, Деркөлде Шәкәрім, Майқы би, Байзақов, Майлин, Абылай хан, Қалдаяқов, Совет көшелері және 2-жұмысшы, Ескі әуежай шағын аудандары. Өтініштер бойынша қала әкімдігінің қызметкерлері орынға шығып, жағдайды бағамдап, қажетті іс-шараларды қабылдап жатыр.

«Қазіргі уақытта қала бойынша барлық коммуналдық жүйе қалыпты жұмыс істеп тұр. Кәріз коллекторларының еріген қар суымен толып кетуіне және тұрғын үй алаптарын сарқынды және еріген су басу қаупіне байланысты қала бойынша су беру қысымы төмендеуі мүмкін. Ескі әуежай және Зачаган кентінің Кірпіш зауыты ауданында 750 абонент уақытша жарықсыз қалды. Апаттық бригада жарықты қалыпқа келтіру жұмысын жүргізуде. Жарықты сағат 13.00-де беру көзделуде», — деді Ж.Дүйсенғалиев.

Оның айтуынша, су тасқыны кезеңі басталғалы 30 367 текше метр қар суы сорылып, жыл басынан бері 679 мың текше метр қар қала аумағынан шығарылған.

Су тасқынының алдын алу жұмыстарына су соратын 70 техника тартылды. Бүгіннен бастап оның саны 100-ден аспақ. Сондай-ақ 108 қосымша техника іске қосылды. 18 мың құмды қапшық дайындалып, қажетті жерлерге жеткізілуде.

Орал қаласы бюджеті есебінен жергілікті атқарушы органдардың резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға 185 млн 738 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді.

«Төтенше жағдай болған жағдайда тұрғындарды эвакуациялау үшін қала бойынша 27 пункт әзірленді. Сонымен қатар су басу қаупі төнген жағдайда халықты орналастыру үшін 3 мәдениет үйі, 1 спорт кешені және Зачаган кентіндегі Ақан сері 47/1 мекенжайы бойынша салынған 9 қабатты үйдің бірінші қабатындағы орындар белгіленді (барлығы 700 орын) және зардап шеккендерді уақытша орналастыру үшін облыс орталығындағы 6 қонақүй кешендерімен ниет-шарттар жасалды. Одан бөлек, қаламызда орналасқан туристік лагерьлер және спорт нысандарының тізімі жасақталды. Жайық, Шаған, Деркөл өзендері тасып, саяжайларды су басқан жағдайда тұрғындарды сол нысандарға орналастыру жоспарлануда», — деді Ж.Дүйсенғалиев.

inform.kz

Алдыңғы жаңалық

Нұрлыбек Нәлібаев облыс орталығындағы жайлы мектептің құрылысымен танысты

Келесі жаңалық

Астанада ер адамнан ірі көлемде кокаин тәркіленді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі