aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Youtube

Павлодарда қайын інісі аяғы ауыр жеңгесін сабап, құрсақтағы тоғыз айлық сәбиін өлтірген

28 марта, 2024
in Youtube, Жаңалықтар
0
Павлодарда қайын інісі аяғы ауыр жеңгесін сабап, құрсақтағы тоғыз айлық сәбиін өлтірген
0
SHARES
945
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Павлодар қаласында 28 жастағы Гүлмерей Қарсыбаеваны күйеуінің інісі қатты соққыға жыққан. Басы жарылып, миы шайқалған келіншекті дәрігерлер кесір тілігі арқылы босандырғанмен, іштегі тоғыз айлық баласы өлі туған. Басынан өткен оқиғалардың кейбірі қазір әйелдің есіне түспей отыр.

«Астана» телеарнасы хабарлағандай, қазір зардап шеккен әйел ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, қатты соққыдан әйелдің бас сүйегінде көлемі 8-9 сантиметрдей жарық пайда болған.

«Науқастың басындағы жарықтың көлемі 8-9 сантиметрдей болды. Біз оның зақымданған бөлігін алып, орнын тіктік. Бас ми жарақаты кезінде есін жоғалту қалыпты құбылыс. Уақыт өте келе біртіндеп қалыпқа келеді», — дейді Павлодар қалалық ауруханасының дәрігері Дәурен Сафиулла.

Полиция жеңгесін ұрып-соққан жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғаған. Күдікті қамауда отыр. Қылмыс жасаған кезде ол есірткі қолданғаны белгілі болып отыр.

«Полиция кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеу бастады. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті қамауда. Есірткіге мас күйде болған ол үлкен ағасының жұбайына дене жарақатын салғаны анықталды. Жарақат алған әйел ауруханада. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жария етілмейді», — дейді қалалық полиция басқармасы оңтүстік полиция бөлімі басшысының орынбасары Әлібек Салатов.

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте биыл 73 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі

Келесі жаңалық

Абай облысында су тасқыны кезінде жоғалып кеткен үш адам іздестіріліп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі