Кеше Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бесарық ауылында дзюдодан 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен республикалық турнир мәресіне жетті. Екі күнге созылған турнир «Абай-Дәулет» компаниясының жүлдесі үшін ұйымдастырылды.
Биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылып отырған турнирге Өзбекстан мемлекетінен және еліміздің 12 облысы мен 3 қаласынан 650-ге жуық спортшы қатысып, татами үстінде бақ сынасты.
– Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Қоғамның басты көрсеткіші адамның денсаулығы болса, оны нығайтуда спорттың алар орны ерекше. Спорт қай заманда болсын адамзатты бейбітшілік пен бірлікке үндеп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев спорт саласын жетілдіруге ерекше басымдық беріп келеді. Соның нәтижесінде, аймағымызда бұқаралық спортты дамыту мен жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлауға көп көңіл бөлінуде. Облыста аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен жаңадан спорттық нысандар бой көтеруде. Облыс орталығында халықаралық стандарттарға сәйкес Орталық стадион және жабық бассейні бар көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Сонымен қатар демеушілік есебінен Қызылордада үстел теннисі орталығының іргетасы қаланды. Бұл бағыттағы жұмыстар ауданда да жалғасын табуда. Биыл Бесарық ауылында жаңа спорттық кешен ел игілігіне берілетін болады. Спорттың бұқаралық сипатының дамуына ел азаматтары өз үлесін қосуда. Олардың қатарында «Абай-Дәулет» серіктестігі жыл сайын жасөспірімдер арасында дзюдодан республикалық турнир ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Бұл – жастарға деген зор қолдау. Сондықтан спорттық іс-шараны ұйымдастырып жатқан Мұрат Абайұлына шынайы алғысымды білдіремін, – деді Қызылорда облысы Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев жарыстың ашылу салтанатында.
Спорттық іс-шарада Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Ж.Айекешов, Қызылорда облыстық дзюдо федерациясының вице-президенті И.Ысқақұлы және «Абай-Дәулет» ЖШС директоры М.Сәрсенбаев құттықтау сөз сөйледі.
Палуандар бәсекесінде жекелеген салмақ бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Жеңіс тұғырынан көрінген әрбір спортшыға арнайы диплом, медаль, кубок табысталды. Қорытынды есепте үздіктер қатарынан көрінген өңірлер де марапатталды.
Сонымен жарыс қорытындысы төмендегідей:
Ұлдар арасында
38 кг салмақ дәрежесінде бойынша
1 орын Әділхан Дарын (Астана қаласы)
2 орын Керейтбай Әділет (Қызылорда қаласы)
3 орын Батыржанұлы Ақәділ (Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы)
3 орын Тұңғышбай Орал (Жамбыл облысы)
42 кг салмақ дәрежесі бойынша
1 орын Нұрмаханбетов.А (Алматы облысы)
2 орын Неғматуллаев Мейіржан (Өзбекстан мемлекетті)
3 орын Еркінұлы Саят (Қызылорда қаласы)
3 орын Сатмахан Абдусайднұрисламхан (Жамбыл облысы)
46 кг салмақ дәрежесі бойынша
1 орын Әбдіқадыр Нұрперзент (Қызылорда облысы)
2 орын Мұжабаев Нұрқанат (Ақтөбе облысы)
3 орын Бекшиов Бекнұр (Шымкент қаласы)
3 орын Саматұлы Ислам (Қызылорда облысы)
50 кг салмақ дәрежесі бойынша
1 орын Жаңабай Бағдаулет (Астана қаласы)
2 орын Ролланұлы Ислам (Атырау қаласы)
3 орын Калимжан Нұролла (Атырау қаласы)
3 орын Әбуіғалиев Жалғас (Жезқазған)
Қыздар арасында
36 кг салмақ дәрежесі бойынша
1 орын Фархат Арайлым (Қызылорда облысы)
2 орын Қуаныш Гүлсезім (Қызылорда қаласы)
3 орын Асылханқызы Кәусар (Қызылорда облысы)
3 орын Сәрсенбай Ұлбосын (Қызылорда облысы)
40 кг салмақ дәрежесі бойынша
1 орын Ерболат Айзере (Қызылорда облысы)
2 орын Асылбек Дильназ (Қызылорда облысы)
3 орын Жақсылықова Ақбота (Қызылорда облысы)
3 орын Ибрагим Айзере (Қызылорда қаласы)
44 кг салмақ дәрежесі бойынша
1 орын Қаржауова Айдана (Өзбекстан мемлекетті)
2 орын Тынышбаева Дильяра (Қызылорда қаласы)
3 орын Сахабадин Инжу (Қызылорда қаласы)
3 орын Хорченко Имина (Қызылорда облысы)
48 кг салмақ дәрежесі бойынша
1 орын Нұрадинқызы Инабат (Қызылорда облысы)
2 орын Ержанқызы Арайлым (Қызылорда қаласы)
3 орын Сабыралы Малика (Қызылорда қаласы)
3 орын Абдуаллива Г (Қызылорда қаласы)
52 кг салмақ дәрежесі бойынша
1 орын Жұмағалиқызы Нұршат (Қызылорда қаласы)
2 орын Мұратбек Сезім (Тараз қаласы)
3 орын Омарова Маншүк (Қызылорда қаласы)
3 орын Сапарқұл Ақсезім (Қызылорда қаласы)
57 кг салмақ дәрежесі бойынша
1 орын Пернебек Жания (Жамбыл облысы)
2 орын Ырсымбет Әселхан (Қызылорда қаласы)
3 орын Измайлова Анина (Қызылорда қаласы)
3 орын Мақсұт Алия (Қызылорда қаласы)
63 кг салмақ дәрежесі бойынша
1 орын Айдархан Арайлым (Қызылорда қаласы)
2 орын Ардаққызы Дильназ (Қызылорда облысы)
3 орын Жағыппар Айсамал (Қызылорда қаласы)
3 орын Рахимова Айдана (Абай облысы)
+63 кг салмақ дәрежесі бойынша
1 орын Марлен Нұрдина (Жамбыл облысы)
2 орын Сарсенбек Балым (Меркі ауданы)
3 орын Тұлеген Ақниет (Алматы облысы)
3 орын Сырым Әсем (Жамбыл облысы) жеңіп алды.