aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бүгін – Қазақстанның әскери теңізшілерінің кәсіби мерекесі

2 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Бүгін – Қазақстанның әскери теңізшілерінің кәсіби мерекесі
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

1993 жылғы екінші сәуірде Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз күштері құрылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қарулы күштердің бұл әскер түрі батыс стратегиялық бағытында қол сұғылмаушылықты, еліміздің аумақтық тұтастығын қорғауға арналған.

Әскери-теңіз күштері теңізде жүзудің навигациялық-гидрографиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметтерімен бірге іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізеді, мемлекеттік органдарға табиғатты қорғау және бақылау функцияларын жүзеге асыру кезінде көмек көрсетеді.

«Қазіргі кезеңде Әскери-теңіз күштеріне жағалаудағы байланыс, теңіз жаяу әскерлері, арнайы мақсаттағы және қамтамасыз ету бөлімшелері кіреді. Әскери корабльдер заманауи қару-жарақпен жасақталған. Биылғы «Бірлестік-2024» оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған, оның барысында теңіздегі көріністер, десант түсіру, бірлескен артиллериялық атыстар мен жауынгерлік жаттығулар пысықталады», — деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Әскери-теңіз күштерінің құрамында отандық және шетелдік соңғы үлгідегі корабльдер бар. Елдің қорғаныс-өнеркәсіптік кешені бұл әскерді заманауи техникамен қамтамасыз етеді.

Былтырдан бері Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында әскери теңізшілерді «әскери істегі теңіз техникасы және технологиялар» мамандығы бойынша даярлау жүзеге асырылуда. Теңіз мамандығының негіздерін болашақ штурмандар мен механиктер Ақтөбе әскери оқу орнындағы әскери-теңіз пәндері кафедрасында, ал бейіндік пәндерді үшінші-бесінші курстарда — Ақтау қаласының Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің базасында меңгереді. Әскери теңізшілерді Ақтау қ. Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығу орталығында да оқытады, онда жас буын корабль қызметінің ұйымдастырылуымен және олардың құрылысымен танысады.

Әскери-теңіз күштері офицерлерінің біліктілігін арттыру және оқыту – Германия, Қытай, Ресей, АҚШ, Түркия және Оңтүстік Кореяның жетекші әскери оқу орындарында ұйымдастырылады.

Кәсіби шеберлік, жанқиярлық қызмет және рухтың беріктігі – әскери теңізшілерді ерекшелейтін қасиеттер. Оларға елдің бірлігін, аумақтық тұтастығын және экономикалық мүдделерді қорғау жөнінде аса жауапты міндеттер жүктелген.

Алдыңғы жаңалық

Алматыда троллейбус өртеніп кетті

Келесі жаңалық

«Бопсалап пара алған»: «ҚазАвтоЖол» филиалының директоры сотталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі