Қала әкімі сала басшыларына қазылған аумақтарды қалпына келтірмей, тұрғындарға қолайсыздық туғызған мердігерлерге қатаң шара көруді ескертті.
Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілісте қазылған орындарды ретке келтіру жұмыстары талқыланды. Жиында Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Р.Мендикулов қала аумағындағы жер қазба жұмыстарын баяндады. Зерделеу жұмыстары қорытындысымен Абай ауданында — 40, Қаратау ауданында — 53, Тұран ауданында — 8, Еңбекші ауданында — 38 қазылған жер анықталды. Қала әкімі сала басшыларына қазылған аумақтарды қалпына келтірмей, тұрғындарға қолайсыздық туғызған мердігерлерге қатаң шара көруді ескертті. Сонымен қатар аудан әкімдері мен тиісті басқарма басшыларының жұмыстарын бағалау қала тазалығымен байланысты екенін жеткізді. Сонымен қатар, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы М. Мықтыбеков саланы дамытуда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Қала басшысы жауаптыларға жаңа футбол стадионының құрылысын тездетіп, халықаралық талаптарды сақтауды ескертті. Сондай-ақ, мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына қаржыландыру жүйесін заң талаптарына сәйкес атқару бойынша нақты тапсырмалар берді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тасқын судан аман отырған облыс және қала әкімдеріне аймақтарды көгалдандыру бойынша тапсырмалар берген болатын.
Дәлірек айтқанда, оларға көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырып, жолдарды ретке келтіру міндетін жүктеген.
Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Науқан 5 аптаға созылады. Әр аптаның тақырыбы және мақсаты бар. Бүгінгі бірінші апта «Таза өлке» деп аталды. Осыған орай Шымкент қаласында да акция аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері мен еріктілер «Абай» саябағы аумағын тазалады. Арық-атыздарды қоқыстан тазартып, ағаштардың түбін қопсытып, жолдарды сыпырды. Абай Құнанбайұлының ескерткішін жуып-тазалады.
-Тазалық акциясы қаланың басқа да аумақтарында өтті. Қоғам белсенділері, жастар, ерктілер тазалық акциясына белсене қатысты. Акция алдағы апталарда да жалғасады, — деді Еңбекші ауданы бойынша жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Бауыржан Серікбай.
2000 символ