aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Орал қаласы әкімдігі қауіпті аумақ тұрғындарына көшуге дайын болу керектігін ескертті

15 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Орал қаласы әкімдігі қауіпті аумақ тұрғындарына көшуге дайын болу керектігін ескертті
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Орал қаласы әкімдігі қауіпті аумақ тұрғындарына көшуге дайын болу керектігін ескертті.

Қала әкімдігінен мәлім еткеніндей, облыс орталығында су тасқыны қаупіне орай күрделі жағдай қалыптасып отыр.

Мамандардың айтуынша, Ресей Федерациясынан судың мол көлемі 2-3 күнде қалаға жетеді. Қауіпті деңгей 8,5 метр болса, қазір Жайықтың деңгейі 8 метрге жуықтады.

Су тасқынына қарсы жұмысқа жергілікті атқарушы органның және төтенше жағдай қызметінің барлық ресурсы тартылды. Қазір 350 арнайы техника, 2 мыңға жуық адам тасқынға тосқауыл қоюға жұмылдырылған. Сондай-ақ өзге өңірлерден, облыс аудандарынан келген әскери қызметшілер, төтеншеліктер және еріктілер бұл жұмысқа белсене атсалысып жатыр.

«Ең бастысы — адамдардыңы амандығы. Сондықтан Жайық жайылымындағы саяжайлардың, су басу қаупі жоғары Курени, Старица, Коминтерн аудандарының тұрғындары көшуі қажет. Судың мол көлемі кез келген уақытта жетіп, үйіңізді су басуы мүмкін. Өзіңіздің және жақын адамдарыңыздың өмірін қауіпке тікпей, шұғыл түрде тума-туыс, достарыңыздың үйіне орналасыңыз. Уақытша баратын үй болмаса, қалада эвакуациялық пункттер жасақталған. Олар тұрғындарды күні-түні үздіксіз қабылдайды. Сұрақтар бойынша қалалық штабқа 8-711-2-24-05-70 және 24-01-94 телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады. Эвакуацияны қазірден бастаңыз!», деп хабарлады ведомстводан.

Алдыңғы жаңалық

Павлодарда мүгедектерге арзанқол гаджет сатып әпермек болған басқарма өкілі 9 жылға сотталды

Келесі жаңалық

Шымкент: Жамбы атудан Азия чемпионатының ашылу рәсімі өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі