aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкеттік дәрігерлер отаның тың тәсілімен инсульттің алдын алды

16 июля, 2024
in Uncategorized
0
Шымкеттік дәрігерлер отаның тың тәсілімен инсульттің алдын алды
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсы және таяу күндері ауруханадан шығарылады. Алдағы уақытта дәрігерлердің кеңесін тұрақты орындап, бақылауда болуы тиіс.

Шымкентте МӘМС шеңберінде ми қан тамырларына ота жасаудың тың тәсілі 38 жастағы ер азаматта инсульттың алдын алды. Күрделі отаны №2 қалалық аурухананың білікті нейрохирург дәрігері Еркін Медетов жасады. Науқасты көптен бері бас ауруы, құрысу мазалап келген.

Медициналық тексеру барысында ми қан тамырларының мальформациясы анықталған. Инсульт алуға шақ қалған азаматты аман алып қалу үшін жедел әрекет ету қажет болады. «Артериовенозды мальформацияны» емдеуде ашық немесе тамырдың ішімен ота жасауға болады. Дәрігерлер бұл жолы қан айналымын бітеген тамырларды эмбализация жасап, тіліксіз отаның тың әдісін қолданды. Құны 6 млн. 200 мың теңгені құрайтын күрделі ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен тегін жасалған.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсы және таяу күндері ауруханадан шығарылады. Алдағы уақытта дәрігерлердің кеңесін тұрақты орындап, бақылауда болуы тиіс. Жалпы, Шымкент қаласы бойынша биыл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде 1500-ге жуық жоғары технологиялы медициналық қызмет көрсету жоспарланған. Ауруханаларда ми қан тамырларының күрделі бұзылыстарында, жүрек ауруларын емдеуде және бүйрек, бауыр трансплантациясы мен басқа да ауруларда қымбат бағалы күрделі ота түрлері жасалуда. Еске салсақ, бұған дейін шымкенттік білікті дәрігерлерге 51 жастағы науқас оң жақ бет бұлшық еттерінің тоқтаусыз жиырылуына шағымданып,дәрігерлерге келген.

Айтуынша, сырқаты төрт жылдан бері мазалаған. Қытай медицинасы, физио ем және дәрі-дәрмектер оң әсерлерінің болмауына байланысты, бас ми магнитті- резонансты томографиясына түсіп, бет нервісі мен артерияның арасының тым жақын орналасқандығы анықталған болатын. №2 қалалық ауруханасына Медетов Еркін Жұмағұлұлынан консультация алып, жоспарлы түрде ота жасауға жатқызылған. Ота барысында беттегі нерв пен артерия арасы ажыратылып, арасына тефлоннан жасалған материал қойылды. Микроваскулярлы декомпрессия отасынан соң көзге көрінетін үлкен тыртық қалмас үшін құлақ артынан шаш өсу шекарасының үстінен перпендикуляр 10 см ұзындығында тері кесіліп, ота соңында тері ішілік косметикалық байлам салынды. Ота барысы сәтті өтті.

2000 символ

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте 213 мыңға жуық бала демалыспен қамтылды

Келесі жаңалық

Министр мен Ұлттық Олимиада комитетінің президенті кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі