aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент: Айналма жолдың құрылысы 8 кезең бойынша атқарылуда

19 июля, 2024
in Uncategorized
0
Шымкент: Айналма жолдың құрылысы 8 кезең бойынша атқарылуда
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте Ташкент-Алматы бағытында қаланы айналып өтетін негізгі магистрал – А-2 автомобиль жолын 6 жолақты етіп қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 31 шақырым, жол құрылыс жұмыстары 8 кезең бойынша атқарылуда. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде Төлеметов көшесінен бастап Бадам өзеніне дейінгі аралық — 1-4 кезеңдердің құрылыс жұмыстары аяқталған. 5-8 кезеңдері бойынша реконструкциялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жалпы құрылыс жұмыстарын толық аяқтау 2025 жылдың соңына жоспарланған. А-2 автомобиль жолының Ташкент трассасы мен Бадам өзені үстіндегі көпірге дейінгі аралықтың жағдайына қатысты тұрғындар тарапынан арыздар түсуіне байланысты бүгінде осы аралықта қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жалпы, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, мегаполисте бүгінде жол-құрылыс жұмыстары қарқын алған. Шымкент автокөлік көбеюі жағынан елімізде көш бастап тұрғандықтан, соңғы жылдары жол құрылысына басымдық берілді. 2023 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қала аумағындағы жақсы және қанағатттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 71,2 пайызға жетті. Бүгінде қалада кептелісті азайтып, көліктерге қолайлы жағдай жасау бағытында бірқатар ірі маңызды жобалар іске асуда. Атап айтқанда, Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайрық тұрғындар игілігіне берілді.

Былтыр Бәйдібек би – Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы 3 деңгейлі жолайрықтың құрылысы аяқталып, барлық бағытта көлік қозғалысы ашылды. Жоспарға сәйкес, жолайрық үш деңгейлі. Төменгі деңгейде – Арғынбеков көшесі, жоғары деңгейде – Бәйдібек би даңғылы, ортаңғы деңгейде оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасқан. Қаладағы ірі жол-көлік инфрақұрылымының бірі – «Оңтүстік» айналма жолы. Жалпы ұзындығы 16 шақырым айналма жолдың құрылысы аяқталуға таяды. Бұл нысан – Ташкент бағытындағы республикалық маңызы бар жолдан Ленгір тас жолына қосылатын негізгі жол. Жол құрылысы негізінен транзиттік көліктер, жеңіл көліктерге қаланың ішіне кірмей, солтүстік және шығыс бағытқа өтуіне мүмкіндік жасау мақсатында жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ, бүгінде шаһарда Қонаев даңғылының жалғасы Оңтүстік бағытқа қарай, жалпы Республика көшесіне балама ретінде салынуда. Қазіргі таңда 1-ші, 3-ші, 4-ші кезең жұмыстары аяқталды. Айта кетсек, қалада өткен жылы құрылыс және қайта құру бойынша 63,9 шақырымдық 22 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 8 нысан пайдалануға тапсырылса, ал қалған 14 нысан 2024 жылға өтпелі. Ал 254 нысанда (233,8 шақырым) орташа жөндеу жұмыстары атқарылып, оның 245 нысаны (222,0 шақырым) пайдалануға тапсырылды.

2000 символ

Алдыңғы жаңалық

«Қарызсыз қоғам» халықтың қаржылық сауатын арттырады

Келесі жаңалық

Шымкентте «QAZAQ QAZYNASY» кілемдер цехы ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі