Оның үйінде екі баласы қалған. Күйеуі бұл уақытта балық аулауда болған, деп хабарлайды tobolinfo.kz.
Қайғылы жағдай Быковского көшесі, 3а мекенжайындағы көпқабатты үйде болған. Агенттіктің мәліметінше, таңғы 10:00 шамасында әйел 8-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Оның пәтерінде екі бала қалған: бірі небәрі бір айлық, екіншісі 2017 жылы туған.
Бұл уақытта күйеуі балық аулауда болған.
Жедел жәрдем станциясынан алынған ақпаратқа сәйкес, оқиға орнына келген дәрігерлер биологиялық өлімді тіркеген.