Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорда жазғандай, Сәтқалиев президентке жыл басынан бергі отын-энергетика кешенінің дамуы туралы есеп берген.
«Осы уақыт аралығында 44,7 миллион тонна мұнай өндірілді. Мұнай өнімдерінің өндірісі 6,78 миллион тоннаны құраған. Сондай-ақ 30,1 миллиард текше метр газ өндіріліп, электр қуатын өндіру көлемі 60,4 миллиард кВт/сағатқа жетті», — деген Сәтқалиев.
Тоқаев кездесуде Сәтқалиевке жылыту маусымына дұрыс дайындалып, ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді тапсырды.