Жастардың қауыпсіздігін және жасөспірімдердің қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шара бұл жолы Қазығұрт ауданы Шанақ ауыл округінде түнгі рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу, беймезгіл уақытта ата-ана бақылауынсыз үй-жайынан тыс жерлерде компьютерлік ойынханалар мен мейрамханада болуларына тыйым салу,
Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге темекі бұйымдары мен спирттік ішімдік сататын кәсіпкерлік нысандарға тосқауыл қою мақсатында кезекті күндізгі түнгі рейдік жұмыстар атқарылуда.
Жасөспірімдер арасында болатын құқықбұзушылықтар мен кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстың алдын алуға және болдырмауға, олардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шара аудан көлемінде бекітілген кестеге сәйкес жалғасады. Әрбір ата-ана өз баласының өміріне өзі жауапты екенін ұмытпау керек. Сондықтан әрбір ата-ананың назарына кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмай, бала тәрбиесімен тұрақты айналысу қажет.
Сонымен қатар, Қазығұрт ауданы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен Төлеби ауданына қарасты “Бәйшешек” атындағы ойын-сауық лагерінде ойынқұмарлық алдын алу, бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында “Лудомания-қоғам дерті” атты тақырыпта эстафеталық ойындар өтті. Шараның негізгі мақсаты — жастарға қолдау көрсету, спорттық ойындарға бейімдеу, жастардың қоғамдағы рөлі, әлеуметтік және тұлғалық даму барысы тақырыптарын талқылау және қоғам дертіне айналған ойынқұмарлықтың алдын алу, жастар арасында өршіп тұрған мәселені шешу болып табылады. Жарысқа ауданнан барған жастар арасынан 8 команда қатысты. Жарыс нәтижесіне сәйкес жеңімпаздар тізімі төмендегідей:
1 орын: Жетінші командасы
2 орын: Төртінші командасы
3 орын: Сегізінші командалары жүлделі орындарға иеленді.