Тойда тілек айтуға шыққан бір топ адам сыйлыққа бір жылқының ақшасын сала салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жорабектің достарының атынан әр отбасы бір жылқының құнын береді», — дейді олар.
Алайда тойға келген қонақтардың бұл әрекетін желі қолданушылары сынап тастаған.
«Осыдан кейін үкіметке жағдай жоқ деп айтудың қажеті жоқ. Тойдың төңірегінен аспайтын халдеміз. Жиған-тергенді білім, ғылымға шашатын уақытқа жеттік. Тобырлық санадан оянайық. Бұл мақтаншақтық емес, абырой. Осындай ұжымдастар болған жақсы», — деп әр түрлі пікір жазды.
Желі қолданушылар әр шыққан адамның қанша теңгеден салғанын санап та тастаған. Олар 9 адам 480 мың теңгеден салғанын жазады.