Алматыдағы шағын ауданның бірінде вандал 10 көліктің айнасын талқандаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Автокөлік иесінің бірі түсірген видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Оқиға Орбита-2 шағын ауданындағы тұрақта болған.
Бұл оқиғаға қатысы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
«Бостандық аудандық полиция басқармасының хабарлауынша, аталған факті бойынша құқық бұзушы анықталып, ұсталды. Оның іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда», — деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.