Ресейдің кемелері достық сапармен Қазақстанға келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ресей Федерациясы Каспий флотилиясының кемелері, оның ішінде Каспий флотилиясының флагманы – «Татарстан» зымыран кемесі Ақтау теңіз портына достық сапармен келді. Делегацияны Әскери-теңіз күштері әскери-теңіз базасының командирі 2-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы қарсы алды», — делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз хабарламасында.