Күні кеше Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Нижний Новгородтың «Торпедо» хоккей клубынан 1:10 есебімен жеңілген астаналық «Барыс» клубының бас бапкері Вячеслав Буцаев баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды sports.kz.
Буцаев отандық клубтың жанкүйерлерінен кешірім сұрап, бұл ойын оның да жанына батқанын айтқан.
«Бұндай ойыннан кейін не деуге болады… Ауыр әрі ұят жеңіліс. Ерік-жігер танытпағанымыз үшін жанкүйерлердің алдында кешірім сұраймын. Біздің командада ауыз толтырып айтатын бірнеше ойыншы бар шығар, бірақ, алаңда жүргені 20 адам», — деді ол ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Ол жаттықтырушы манбасында өз командасы бірінші рет осындай жеңіске тап болып отыр дейді.
«Жаныма қатты батып тұр десем жай айтқаным шығар. Мен жаттықтырушы мансабымда біріеші рет осындай есеппен жеңіліп тұрмын», — деді ол.