aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Елордада 9 айда 300-ден астам адам АИТВ инфекциясын жұқтырған

4 ноября, 2024
in Жаңалықтар, Қызыл бұрыш
0
Елордада 9 айда 300-ден астам адам АИТВ инфекциясын жұқтырған
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл елордада тоғыз айдың ішінде адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясын (АИТВ) жұқтырудың 327 фактісі тіркелді. Бұл туралы Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының баспасөз қызметі хабарлайды.

Орталықтың ақпаратында айтылғандай, АИТВ инфекциясын жұқтырғандардың 75,2% — ерлер, 24,8% — әйелдер және олардың 62,4 пайызы 20 және 39 жас аралығындағы азаматтар.

«Жыл сайын астаналықтардың 25%-дан астамы АИТВ-инфекциясына тексеріледі. Тегін тестілеудің қолжетімділігі мен уақтылы жүргізілуінің арқасында инфекция жұқтырудың 80%-дан астам жайты дерттің 1-2 сатысында анықталады. Айта кетсек, инфекция таралуының алдын алуда уақтылы диагностикадан өту маңызды. Елімізде тегін негізде ұсынылатын антиретровирустық терапия қолжетімді», — делінген хабарламада.

Айта кетсек, бүгін Астанада дүниежүзілік ЖИТС-пен (жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы) күрес күні қарсаңында АИТВ-инфекциясының алдын алу айлығы басталды. Мақсат – халықты хабардар ету, сауаттылық деңгейін арттыру, АИТВ/ЖИТС проблемаларына жұртшылықтың назарын аудару, профилактикалық бағдарламаларды қолдау, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуді азайту.

Бір айдың ішінде медицина қызметкерлерінің, азаматтық белсенділердің, білім беру ұйымдарының, ведомстволық органдар өкілдерінің қатысуымен адамдар көп жиналатын орындарда, сауда-ойын-сауық орталықтарында, базарларда, теміржол вокзалдарында, әуежайда, сондай-ақ басқа өңірлерден келген қала қонақтары үшін АИТВ-инфекциясы мәселелері жөніндегі маманға тестілік консультациядан кейін міндетті түрде АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу шаралары өтеді.

Одан бөлек, айлық аясында жастар денсаулық орталықтарының еріктілерін тарта отырып, студенттерге арналған форумдар, пікірталас, флеш-моб, дөңгелек үстел және викториналар ұйымдастырылады.

inform.kz

Алдыңғы жаңалық

«Сен маған гүл сыйласаң, мен саған ұл сыйлаймын»: сахнаға Rаim-мен шыққан Ерке Есмахан көрерменді күлдірді

Келесі жаңалық

Жеке сот орындаушысы 1,2 млн теңге алиментті қалтасына басқан

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі