aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Жертөлеге кіргізіп ұрды»: Шымкентте колледж студентінің миы шайқалып ауруханаға түскен

26 ноября, 2024
in Жаңалықтар
0
«Жертөлеге кіргізіп ұрды»: Шымкентте колледж студентінің миы шайқалып ауруханаға түскен
0
SHARES
52
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте колледж студентінің миы шайқалып, балалар ауруханасында жатыр. Айтуынша, директордың орынбасары ұлдарды жертөлеге кіргізіп алып, сағаттап ұрған. Ал оған себеп — студенттердің мұғалім туралы әлеуметтік желідегі әзілі. «Парасат» колледжі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары үлкен курс студенттері мен дене шынықтыру мұғалімдерін жинап, солардың көзінше сабады дейді тәлімгерлер. Дегенмен педагогтің өзі мұны жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды  КТК.

«Парасат» колледжінің екі студенті қансырап үйіне келген соң, шошыған ата-ана дереу полицияға жетектейді. Арыз жазып шыққан студенттер колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасары жертөлеге кіргізіп, үшінші курс студенттері мен мұғалімдердің көзінше сабағанын айтып берген.

«Бетімізден де, денемізден де аямай ұрды, құлаған кезде аяқпен де тепкіледі. Қазыбек ағайдан таяқ жеп жатқан кезде үлкен курстың студенттері қарап тұрды, ал сол жерде болған дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің біразынан шапалақ та жедік. Негізінен соққыны Қазыбек ағайдан алдық, ұрып жатқан кезде ол кісі «егер арызданатын болсаңдар, көміп тастаймын» деп қорқытты», — дейді ІІ курс студенті Әбдіғаппар Ырысалиев.

Әбдіғаппар миы шайқалып ауруханада жатыр. Ал оның туыстары бүгін колледжге мәселенің мән-жайын білмекке аттанды. Ұлдары таяқ жеді деген жертөлені көрді. Соққыға жығылған студенттердің бірі – Константин Зорин директордың орынбасарының «ТикТок парақшасындағы бір әңгімеге күлгеніміз үшін таяқ жедік» деп отыр.

«Қазыбек ағайдың екі саусағында жаңа түскен тыртығы болуы керек. Себебі мені ұрған кезде қолы тайып кетіп, жиһазға тиіп қанағанын көрдім. Оның бар ашуына оның ТикТоктағы бір видеосына күлгеніміз болды. «Ешқандай жаман ойымыз болған жоқ» дегенімізді тыңдаған да жоқ. Жертөлеге кіргізіп, быт-шытымызды шығарды», — деді II курс студенті Константин Зорин.

Қазыбек Ержанов мұның бәрін жоққа шығарды. Тіпті соққыға жығылған қос студентті «бүкіл колледж бұзақы ретінде таниды» дейді директордың орынбасары. Былтыр полиция шақыруға тура келген екен. «Мүмкін соны кешіре алмай, жала жауып жатыр» деп ақталды.

Ғимаратта орнатылған бейнебақылау камералары тола болғанымен, сол күні барлығы істен шыққан. Соққыға жығылған студенттердің ата-анасы ұлдарын оқу орнынан шығарып алды. Полицияға арыз жазып, прокуратура істі бақылауына алса деген өтініші бар. Ал таяқ жеген жігіттердің «жас болса да, тым қу» деген колледж басшылығы жала жабу дерегімен «біз де арызданамыз» деп бекініп отыр.

Алдыңғы жаңалық

Қазақстанда АӘК төлеудің жаңа тәсілі пайда болады – Жақыпова Тоқаевқа есеп берді

Келесі жаңалық

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі