aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Таразда қаны аз жас жігітке катетер салған соң оның қолы іріңдеп, көз жұмған

27 ноября, 2024
in Жаңалықтар
0
Таразда қаны аз жас жігітке катетер салған соң оның қолы іріңдеп, көз жұмған
0
SHARES
151
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тараз қаласында анемияның апластикалық түріне шалдыққан (адамның қаны аз болған соң қан айналымы бұзылатын сыртқат түрі – ред.) Ернұр Әбдулаеев 18 жасында көз жұмды. Оның туған әпкесі әлеуметтік желіде інісінің өліміне себеп болған факторларды атап, әділ тексеру сұраған, деп жазады Azattyq Rýhy

Баланың әпкесі айтып отырғандай, Ернұр осы жылдың тамыз айының соңына таман емделу үшін ауруханаға барған. Туыстары дәрігерлерге баланың диагнозы бар екенін айтқан.

«2024 жылдың 27 тамызы күні Ернұр Жамбыл облыстық ауруханасына барған. Оны қабылдаған дәрігерлерге диагнозын айттық. Яғни, Ернұр анемияның апластикалық түріне шалдыққан. Сол күні дәрігерлер баланың ем-домына кірісті. Балаға дәрі егу үшін оның оң жақ қолына катетер салды. Негізі, Ернұр сияқты анемияның апластикалық түріне шалдыққан адамдарға катетерді не дәрігердің өзі қояды не катетер салынғанда дәрігер қарап тұруы керек. Бірақ, оған медбике катетер салған», — дейді қайғыдан қан жұтқан әпкесі.

Оның айтуынша, катетер қоя сала баланың оң қолы ісіп кеткен. Медбике оның орнын ауыстырып, баланың сол жақ қолына қойып берген.

«Үш күн бойы ініме катетер арқылы екпе салынды. Бірақ, медбике катетерді теріс салған, немесе ол тамырына кірмей, сыртта қалған. Немесе катетер тамырдан тайып, дәрі-дәрмек баланың терісіне құйыла берген», — дейді әпкесі.

Ең бастысы, бала катетер салған қолы ауырып, ашып жатқанын дәрігерлерге бірнеше мәрте айтқан екен. Бірақ, дәрігерлер «ауырғаны басылып кетеді, орнына май жаға бер» деген.

Алдыңғы жаңалық

Алматының іргесінде оқыс оқиға: шағын автобус жеті жасар баланы басып кетті

Келесі жаңалық

Путин Ақордаға келді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі