aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ақтөбеде көпбалалы ана балықтан уланып, аяқ-қолынан айырылған

29 ноября, 2024
in Жаңалықтар
0
Ақтөбеде көпбалалы ана балықтан уланып, аяқ-қолынан айырылған
0
SHARES
164
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алты баланың анасы 29 жастағы ақтөбелік Ботагөз базардан Аралдың балығын жеймін деп, өмірін түбегейлі өзгерткен оқиғаға тап болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тамыз айында Ақтөбенің Астана базарының қасынан Аралдың балығын сатып алдым. Кешке ол балықты тек өзім жедім. Балаларыма да, жолдасыма да бермедім. Сол күні түнде оянып кетіп, дәретханаға жүгірер жолда шыдамай, қатты құсып жібердім. Қызуым 40 градусқа көтерілген. Сол күні де, келесі күні де ауырдым. Бірақ үйдің шаруасымен оған қатты мән бермедім. Бесінші күні миым сөне бастаған. Шынтағымнан бастап қолым, аяғым, мұрным көгеріп кеткен. Жолдасым үйге келген соң «сені біреу ұрды ма?» деп шошып кетіп, кейін жедел жәрдем шақырды», — дейді Ботагөз.

Оның айтуынша, жедел жәрдемге балық жегенін айтқан.

«Бірден жансақтау бөліміне түстім. Ағзаларым жұмыс істемей, бүйрегім жұмысын тоқтатты деп жақындарыма айтқан екен. Менингит, сепсис және гангрена деген диагноз қойды. Қолым мен аяқтарымның басы түгел қарайып кетті. Қол-аяғымның ұштары қарайып, оны кесіп тастауға тура келді. Сап-сау болып жүріп, бір-ақ күнде мүгедек атандым. 2 ай ішінде 4 ота жасалды. Барлығын басынан бастап жатырмын. Өзімді қалай бар, солай қабылдадым», — дейді ол.

Қазір көпбалалы ананың аяқ-қолына протез қажет. Олар оны алу үшін халықтан көмек сұрап жатыр.

Алдыңғы жаңалық

“ Бозарық-3” шағынауданы көгілдір отынмен қамтылды

Келесі жаңалық

Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесіне орай қосымша пойыздар жолға шығады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі