aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Теңгенің әлсіреуіне әсер еткен 3 фактор аталды

2 декабря, 2024
in Жаңалықтар
0
Теңгенің әлсіреуіне әсер еткен 3 фактор аталды
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Теңге бағамының әлсіреуіне негізгі үш фактор әсер етіп отыр. Бұл туралы Үкіметте өтіп жатқан брифингте Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.

— Соңғы бірнеше аптада валюта нарығында белгілі бір құбылулар байқалып отыр. Бұл ұлттық валюта бағамының әлсіреуінен көрініс тапты. Өткен аптада АҚШ долларының бағамы 500 теңгеден асты. Осыған байланысты бизнес пен азаматтарымыздың алаңдаушылығын түсіне отырып, Үкімет пен Ұлттық банк валюта нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша келісілген шараларды қабылдауда, — деді ол.

Осы орайда вице-премьер ұлттық валюта бағамын түзету іргелі сыртқы факторлардың әсерінен ғана туындайтын құбылыс екенін атап өтті.

— Олардың ішінде негізгі үшеуін бөліп көрсетуге болады. Бірінші фактор – соңғы айларда доллар индексінің жаһандық нығаюы. Екінші фактор – әлемдік мұнай бағасының төмендеуі. Ал соңғы маңызды фактор – Ресей рублінің әлсіреуі. Ресей біздің негізгі сауда серіктесіміз екенін ескерсек, рубль бағамының құбылуы теңге бағамына әсер етуі мүмкін. Азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайы мен әл-ауқатының нашарлауына жол бермеу және кәсіпкерлерге теріс әсерін азайту Үкіметтің басты міндеті. Экономика мен халық үшін ықтимал теріс салдарды тұрақтандыру әрі барынша азайту үшін барлық қажетті шара қабылданады. Бұл үшін Үкіметте ресурстар мен құралдар жеткілікті», — деді Нұрлан Байбазаров.

https://kaz.inform.kz/news/tengenn-alsreunn-3-faktori-ataldi-b532db/

Алдыңғы жаңалық

Қаңтардан балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың көлемі артады

Келесі жаңалық

Теміртауда заңсыз майнинг фермалары 440 млн теңге пайда тапқан

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі