Маңғыстау облысы Сайын Шапағатов ауданындағы «МЭБК» АҚ қосалқы станциясының энергетик мамандары ұшақ апаты болған жерге дереу барып, 15-ке жуық адамды құтқарып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жұмысшылар аспанда айналшықтап жүрген ұшақты байқаған. Кейін ол құлап түскенде жұмыстарын тастай сала, оқиға орнына бір ұжым адам жеткен.
«Біз — Маңғыстау торапының жұмысшыларымыз. Ұшақ біз жұмыс істеп жатқан кезде құлады. Көрген бойда ұжыммен сол жаққа қарай бардық. Алғашқы көмекті көрсеттік. Оннан аса адамға жәрдемдестік. Бізден кейін ТЖМ қызметкерлері, жедел-жәрдем жетті. Жедел-жәрдем көлігіне аман қалған адамдарды орналастырып, қол ұшын создық», — дейді қызметкерлер.
Энергетиктердің жанашырлығы мен ауызбіршілігінің арқасында Ақтауда ұшақ апаты ұшыраған бірнеше адам ажал аузынан аман қалды.
Еске салсақ, бүгін Бакуден Грозныйға бет алған «Әзербайжан әуе бағыттары» компаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында құлап түсті. Бортта 42 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған.