aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Алматыда жаңа жылда бірден 458 кәсіпкердің құқығы қорғалды

14 января, 2025
in Жаңалықтар
0
Алматыда жаңа жылда бірден 458 кәсіпкердің құқығы қорғалды
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өткен жылдың қараша айында Алматы қаласының «Атамекен» өңірлік палатасына Наурызбай ауданының жеке кәсіпкерлері өтініш жолдады. Олардың атына 270.00 нысанындағы салық есептілігін ұсынбағаны туралы салық органдарының хабарламалары келіп түскен. Ал қолданыстағы заңнама бойынша декларацияның осы нысанын кәсіпкерлер тек 2025 жылы толтыруы тиіс.

Өңірлік палата кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау қызметі Наурызбай ауданының прокуратурасына мемлекеттік органның бұл әрекеттерінің заңсыздығы туралы сұрау салуды жолдады. Жүргізілген тексерулер мен ақпаратты талдау нәтижесінде қадағалау органы Мемлекеттік кірістер басқармасы бірден 458 кәсіпкердің құқықтарын бұзғанын анықтады.

«2024 жылы кәсіпкерлер, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда жұмыс істейтін Қазақстанның барлық азаматтары 2023 жылғы 250.00 нысаны бойынша кірістер туралы декларацияны тапсыруға тиіс болды. 270.00 нысанын 2025 жылдың қыркүйек айының 15-не дейін 2024 жылдың қорытындысы бойынша тапсыру керек. Яғни, өткен жылы кәсіпкерлерге жіберілген хабарламалар заңсыз болып табылады. Прокуратура біздің сұрау салуымыз бойынша қадағалау актісін енгізді және фискалдық органның әрекеттері заңсыз деп танылды, соның салдарынан бұзушылықтар жойылды. Сонымен қатар, Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру басталды», — деп түсіндірді өңірлік кәсіпкерлер палатасының заң бөлімінің бастығы Еркебұлан Бейімбет.

Алдыңғы жаңалық

Ақтөбеде әйелді кепілге алған күдікті оның ата-анасын пышақтап, жертөлеге қамап қойған - екеуі де мерт болды

Келесі жаңалық

Атырауда қайырымдылық мекемесі жасөспірімдерге діни араздықты насихаттаған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі