aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«Сатқындық ешқашан алыстан келмейді»: Мақпал Исабекова жан сырын ақтарды

18 января, 2025
in Uncategorized
0
«Сатқындық ешқашан алыстан келмейді»: Мақпал Исабекова жан сырын ақтарды
0
SHARES
38
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Танымал әнші Мақпал Исабекова Instagram Stories бөлімінде өзінің жеке өмірі, сатқындық, адамдар арасындағы қарым-қатынас және бақыт туралы ойларын желідегі оқырмандарымен бөлісті. Әншінің ашық жазбалары жұртшылықтың назарын аударды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ауыртпалық пен сатқындық ешқашан алыстан келмейді. Олар әрдайым қасыңда, кейде жақын болғаны соншалық, олардың қайдан шыққанын байқамайсың, өйткені олардан мүлде күтпейсің», — деп жазды әнші.

Мақпал сатқындықты қалай түсінетінін сипаттады.

«Сатқындық — бұл менің артық үміттерім немесе қиялдарым туралы емес. Бұл өз жараларымды, сезімдерімді, жүрегімді сенуге болмайтын адамға арнау туралы», — деді ол.

Сонымен қатар әнші адамдарға сенім артудың қауіптілігін айтты.

«Мен өмірімде мені қалай да бір рет сатқындыққа ұшыратқан, мені ақымақ деп ойлаған адамдарды көп көрдім. Олар көзіме қарап тұрып өтірік айтты. Бірақ бәрін сездім. Әрдайым сезетінмін. Дегенмен, жиі интуициямды күмәнданумен шектеймін. Мен сенгім келеді. Бірақ сенуге болмайды. Тек өзіңді тыңдап, өзіңді ғана есту керек. Мені түрлі себептермен қаралап, сырттай ғайбат айтып, өсек таратып, жала жапқан адамдар, кейін күлімдеп менімен бір үстелге отыратын. Мен оларды жақсы білемін. Мен олардың өзіме жақын емес екенін сезетінмін. Тек, мұны мен кейінірек, өмір мені даналыққа үйреткенде түсіндім. Олармен айналысуым — менің ең қымбат уақытымды босқа кетіру екен», — деп жазды әнші.

Мақпалдың ойынша, шынайы бақытты адамдар әрдайым мейірімді боладыя

«Бақытты болыңыздар. Өзгенің өміріне алаңдамайтындай дәрежеде бақытты болыңыздар. Тек өз өмірлеріңізбен айналысыңыздар. Себебі шынайы бақытты адамдар әрдайым мейірімді болады», — деді Мақпал.

Әнші өзіндік мінезі мен өмірге деген көзқарасы туралы да жазды.

«Мен қылышпен шаба аламын. Жақсы шаба аламын. Бірақ қазір ол мен үшін маңызды емес. Жас кезімде болса, мен әрекет ететін едім, бірақ қазір оған уақыт жоқ ( оның мәні жоқ). Сіздерді орнына қоюға уақыт та, артық энергия да жоқ», — деді ол.

Алдыңғы жаңалық

Қостанайдағы балабақша картоп пен пиязды өз құнынан 180% қымбатқа сатып алып отырған

Келесі жаңалық

«Өзіңнен кіші жігітке тұрмысқа шығу сән ғой»: Әнші Ayree екінші күйеуі туралы айтты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі