aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«Балалар толығымен күйіп қалған»: Түркістан облысында газ жарылысынан әкесі мен екі ұлы қаза тапты

19 января, 2025
in Uncategorized
0
«Балалар толығымен күйіп қалған»: Түркістан облысында газ жарылысынан әкесі мен екі ұлы қаза тапты
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында жеке үйде газ жарылып, 40 жастағы ер адам мен оның екі ұлы қаза тапты, деп хабарлайды Otyrar.kz. Отбасы көмірмен жылытудан газбен жылытуға көшкеніне небәрі бірнеше ай болған.

Қайғылы оқиға болған күні марқұм Дәулет Тұрабаев үш ұлымен үйде қалған. Ал оның әйелі мен екі қызы қалада ем қабылдап жатқан. Екі ұлы әкесімен бір бөлмеде ұйықтап жатқан, ал тағы бір ұлы басқа бөлмеде болғандықтан аман қалды.

«Ол маған таңғы 6-да қоңырау шалып: «Дина, газ жарылды, мен күйіп қалдым, бірақ балалар тірі» деді. Кейін қайта қоңырау шалғанымда, қайын атам телефонды көтеріп, оларды жедел жәрдеммен ауруханаға алып кеткенін айтты. Бірден Қазығұртқа бардым. Балаларымды көрдім. Екеуі толығымен күйіп қалған. Сонда да «Анашым, біз жазыламыз» деді», – дейді марқұмның жары Динара Ашырова.

Мамандардың айтуынша, газ жарылысына камин пешінде жиналған газ-ауа қоспасы себеп болған. Жарылыс кезінде барлық бөлмедегі терезелер шытынап, үй ішін өрт шалған.

Трагедиядан кейін төтенше жағдайлар қызметкерлері мен басқа да ұйымдардың өкілдері тұрғын үйлерді тексеріп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын бастады.

«Қазір барлық округте қызметкерлер үйлерді аралап, осындай оқиғалардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аудан әкімдігі зардап шеккендерге шамамен 1,585 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетеді», – деді Қазығұрт ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Аян Көшкінбай.

Марқұмның әйелі мен күйеуі өз бизнесін бастау үшін несие алып, мал және жолаушы тасымалына арналған көлік сатып алуды жоспарлаған. Енді балаларды тәрбиелеу және 12 миллион теңге көлеміндегі несиені төлеу жесір әйелдің мойнына түсті.

Алдыңғы жаңалық

АШМ: Картопты үшінші елдерге әкету 6 айға шектелді

Келесі жаңалық

«Қарайып кетті»: Ерке Есмахан 50 мың теңгеге сатқан сотуардан дау шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі