aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қырғызстанда той мен жерлеу рәсімінде ысырапшылдық үшін айыппұл салынады

28 января, 2025
in Жаңалықтар
0
Қырғызстанда той мен жерлеу рәсімінде ысырапшылдық үшін айыппұл салынады
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қырғызстан парламентінің депутаттары салт-дәстүрлер, рәсімдер мен мерекелерді өткізу кезінде артық шығынды шектеуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Қоғамдық талқылауға ұсынылған заң жобасы отбасылық іс-шараларды реттеуді енгізуді ұсынады:

* жерлеу кезінде ұсақ малды, жылқы немесе ірі қара малды союға жол берілмейді;

* марқұмды жерлеген соң үш күннен кейін бір жылқы немесе ірі қара мал сойып, ас беруге («Құран оқу») рұқсат етіледі;

* 3 күн, 7 күн, 40 күндігі және жылдық асын өткізуге тыйым салынады;

* тойға саны 250-ден аспайтын адам шақыруға және бір сиыр немесе жылқы союға рұқсат етіледі;

* «қыз ұзатуға» бір сиыр немесе жылқы сойып, 100 адамнан артық шақыруға болмайды;

* үйлену тойы мен қыз ұзатуды бірге өткізу кезінде бір сиыр немесе жылқы сойып, 350-ден аспайтын адам шақыруға рұқсат етіледі;

* үйлену кортежінде үш көліктен артық болмауы керек;

* жоғарыда аталған салт-жораларды, мерекелерді және салт-дәстүрлерді өткізу кезінде «киіт кигізу», «себет беру», «қонақ беру» және басқа да осыған ұқсас ғұрыптар сияқты қосымша қажетсіз шығындарды ұйымдастыруға тыйым салынады.

Заң талаптарын бұзғаны үшін той, шара иесіне 300 мың сом, мекеме иесіне 100 мың сом көлемінде айыппұл салынады.

Құжат бастамашылары соңғы кездері елде той-томалақтар мен жерлеу рәсімдеріне байланысты халықтың төл әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне сәйкес келмейтін келеңсіз құбылыстардың көбейіп, отбасы қаржысына айтарлықтай зиян келтіретінін атап өтті.

Заңның орындалуын бақылау жүргізуді жергілікті мемлекеттік органдар жанындағы аумақтық комиссияларға жүктеу ұсынылды.

inform.kz

Алдыңғы жаңалық

Ұлттық банк пен Үкіметке қалыптан тыс шешімдер қабылдауға тура келеді - Президент

Келесі жаңалық

«Құдалық мүлде өтпесін»: депутаттар тойға 250 адам, қыз ұзатуға 100 адам ғана шақыру туралы заң дайындады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі