aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Павлодар тұрғыны құрған қаржы пирамидасына 100 млн теңгеден астам қаржы салынған

4 февраля, 2025
in Жаңалықтар
0
Павлодар тұрғыны құрған қаржы пирамидасына 100 млн теңгеден астам қаржы салынған
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті «Автолюкс» инвестициялық пирамидасын құру және оны басқару дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.

Қаржылық пирамиданың әрекет еткен кезеңі бар-жоғы 3 ай — 2024 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейінгі аралықты құрады. Осыған қарамастан оның қызметі Павлодар, Алматы, Ақтөбе және өзге облыстарға таралған.

— Күдікті интернет-дүкен платформасында жұмыс істей отырып, әр 10 күн сайын 5%-дан 15%-ға дейін сыйақы төлеумен тауарларды жалған түрде бөліп төлеу арқылы ақша салу жөнінде ұсыныс жасағаны анықталды. Салымшылар қолына тимеген тауар несиесін төлей берген, ал күдікті болса, тауарлық несиені қолма-қол ақшаға айналдырып, оны қымбат ойын-сауыққа, соның ішінде шетелге жасаған (БАӘ, Тайланд және т.б.) сапарларына жұмсаған. Күдікті пирамидаға 150-ден астам адамды тартып, олар жалпы сомасы 100 миллион теңгеден астам қаражат салған, — деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінен.

Заңсыз жолмен тапқан ақшаға күдікті Mercedes Benz және Toyota Camry маркалы екі автокөлік сатып алғаны анықталды. Оларға соттың санкциясымен тыйым салынды. Сот күдіктіге қатысты «үйқамақ» түрінде бұлтартпау шарасын таңдаған. ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексі 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.

inform.kz
Фото: pixabay.com/Max Zolotukhin

Алдыңғы жаңалық

Елордада полиция қызметкері көз жұмды

Келесі жаңалық

Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП жанындағы Өңірлік кеңестің жаңа құрамы қалыптасты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі