aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Төрт әйелі, зәулім сарайы бар»: имам туралы жалған видео таратқан адам 700 мың теңгеден аса айыппұл арқалады

7 февраля, 2025
in Жаңалықтар
0
«Төрт әйелі, зәулім сарайы бар»: имам туралы жалған видео таратқан адам 700 мың теңгеден аса айыппұл арқалады
0
SHARES
25
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жуырда желіде Астана қаласының бас имамының зәулім үйі, төрт әйелі бар екені жайлы видео тараған. Алайда, видеодағы ақпарат жалған болып, оған 707 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқаны үшін Б-ға қатысты істі қарады. Оған ӘҚБтК 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік жүктелді.

Сот анықтағандай, құқық бұзушы әлеуметтік желіде зәулім үйдің бейнеролигін жариялап, оны халықтың қайырымдылыққа берген қаражатына салынған үй ретінде көрсеткен. Сондай-ақ, ол бұл үйдің Астана қаласының бас имамына тиесілі екенін мәлімдеп, жалған ақпарат таратқан.

Сот барысында Б. өз кінәсін толық мойындады. Ол үйдің кімге тиесілі екенін және оның қандай қаражатқа салынғанын білмейтінін, бейнероликті тек «көру үшін жариялағанын» айтып, өкініш білдірді.

Сот құқық бұзушының кінәсін мойындауын және өкінуін жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

«ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігіне сәйкес, бұл құқық бұзушылық үшін 180 айлық есептік көрсеткіш (707 760 теңге) көлемінде айыппұл немесе 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған. Сот қаулысымен Б.-ға 180 АЕК мөлшерінде (707 760 теңге) айыппұл салынды. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ», — делінген сот хабарламасында.

Еске салсақ, бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Астана қаласының бас имамы тұрады деген зәулім үйдің видеосы тараған. Елорданың бас имамы Ерболат Жүсіпов мәлімдеме жасап, бұл жалған ақпарат екенін айтқан еді. Күні кеше елорда төріндегі зәулім сарайдың иесі табылды. Халыққа видеоүндеу жазған ер адам зәулім сарай Астананың бас имамы емес, өзінікі екенін және аты-жөні Нұрлан Леспекұлы екенін айтқан. Ал ол «Зекет қорының» бұрынғы басшысы болып шыққан еді.

Алдыңғы жаңалық

Оқушыларға есірткі қосылған кәмпит таратып жатыр деген ақпарат Қазақстандағы ата-аналарды дүрліктірді

Келесі жаңалық

«Қазақстан темір жолы» ғимаратынан 3600 қызметкер эвакуацияланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі