aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Салық реформасы: Бизнес пен үкімет диалог жүргізді

15 февраля, 2025
in Жаңалықтар
0
Салық реформасы: Бизнес пен үкімет диалог жүргізді
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алматы қаласы ӨКП Өңірлік кеңесінің негізінде бизнес-қоғамдастық пен Үкіметтің жұмыс тобының кездесуі өтті. Негізгі мәселе — салық реформасын талқылау.
«Атамекен» ұстанымын Ұлттық палата Президиуымының төрағасы Райымбек Баталов нақты әрі түсінікті етіп білдірді. Сондықтан, ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп кәсіби және терең зерделеу жүргізілетін модель әзірленді, кәсіби салалық талдауды қалыптастыру үшін салалық бизнес тарапынан сарапшылар тартылуда. Бұл нақты нәтижелер мен нақты болжамдар жасауға мүмкіндік туғызады.
«Палатаның бұл миссияны атқаруы маңызды: процесті «халық үніне құлақ асатын мемлекет» болатындай етіп ұйымдастыру керек. Осылайша салық кодексінің жаңару тармақтарын заң нормаларын қолданатын адамдар кері байланысты есептеулер мен дәлелді түрде естиді. Бүгінгі кездесу — үлкен жұмыстың аралық нәтижесі. Қарқын алынды, мен бизнестің ең белсенді және жанашыр өкілдері кіретін өңірлік кеңестің рөлі — сараптама ретінде ерекше екеніне сенімдімін. Біз келтірілег дәлелдердің жоғары кәсіби деңгейде екенін көріп отырмыз», — деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Президиум төрағасы Райымбек Баталов.
Бизнес тағдырына бей-жай қарамайтын, ең белсенді 30 кәсіпкер кіретін Алматы палатасының Өңірлік кеңесі бірінші отырыс барысында салық реформасының негізгі мәселелерін талқылап, сараптамалық пікірлер мен есептерді қалыптастырды. Олар үкіметтің жұмыс тобына ұсынылды.
«Үкімет ҚҚС мөлшерлемесін көтерудің әсері тұрғысынан Алматы бизнесінің салалық ерекшелігіне қызығушылық танытты. Кездесуге жалпы ел экономикасына әсер ететін мыңдаған ұжымдардың өкілдері болып табылатын кәсіпорындар басшылары қатысты. Сондықтан, бұл өте маңызды мәселе. Әрине, әкімшілендіру бойынша нақты келісімдерге толық қол жеткізілді деп айтуға ерте, бірақ біз мұндай кездесулерді үнемі өткізу туралы келісімге келдік. Шағын және микробизнеске қолдануға оңай болатын құралдар беріліп, салықтарды есептеу жағынан, тексерулер сынды және мемлеуеттік органдар тарапынан басқа да ауыртпалық тимейтіндей келісім жүргіземіз», — дейді Алматы қаласы Өңірлік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов.
Кездесуді қорытындылай келе, Премьер-министр орынбасары Серік Жұманғарин салық заңнамасын реформалау кезінде нақты секторды және басым бағыттарды қолдауға арналған кепілдік қорын құру жоспарланғанын мәлімдеді. Бұл бағыттар қатарына туризм, ақпараттық технологиялар, сирек кездесетін металдар металлургиясы, азық-түлік өнеркәсібі және көлік логистикасы кіреді.
«Біз барлық есептеулерді назарға аламыз, қарастырамыз. Бірақ өз есептеулерімізді біз Ұлттық Банктің макроқаржы моделінде қарап жасадық. Мен оны сенімді деп санаймын. Ал, «кідіріп» қалған секторлар бола жатса, оларды әкімшілік шара қолдана қорғаймыз», — деп сендірді Серік Жұманғарин.
Алматы еліміздегі ең ірі бизнес орталығы болып табылады, сондықтан салықтық реформа мегаполис экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады. Қаланың кәсіпкерлері үшін салық жүйесінің тиімділігі мен әділдігі әсіресе маңызды, себебі Алматы Қазақстан кәсіпкерлігінің 20%-ын құрайды. Сондықтан, «Атамекен» Палатасының Өңірлік кеңесінің мүшелері әділ әрі қолайлы салық жүйесі құрылатынына үміт артып отыр. #БизнесвАлматы, #БизнесШтабАлматы, #РППАлматы

Алдыңғы жаңалық

«Тыңдаудың өзі ұят екен»: танымал блогер қалай жүкті болғанын айтамын деп сынға ұшырады

Келесі жаңалық

«Баланы қылқындырып тепкен»: Алматыдағы балабақша директоры әлеуметтік желідегі қысымға шағымданды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі