aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Халқымыз ежелден анасын ардақтап, қыздарын қадірлей білген»: Тоқаев аруларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

8 марта, 2025
in Жаңалықтар
0
«Халқымыз ежелден анасын ардақтап, қыздарын қадірлей білген»: Тоқаев аруларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандық аруларды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – сұлулық пен мейірімділіктің символына айналған шуақты мереке.

Халқымыз ежелден анасын ардақтап, қыздарын қадірлей білген. Көптеген аруларымыздың есімі төл тарихымызға алтын әріппен жазылған.

Қазір Қазақстанда әйелдер түрлі кәсіппен айналысып, бизнесте және қоғамдық қызметте зор табысқа жетіп жүр. Олар биік белестерді бағындырып қана қоймай, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп келеді.

Барлық әйелдердің адал еңбегі ең жоғары бағаға лайық. Осы сәтті пайдаланып, Қазақстандағы аналар мен арулардың бәріне шынайы ризашылығымды білдіремін.

Мемлекет әйелдердің құқықтарын қорғауға және барша азаматтың жан-жақты дамуы үшін жағдай жасауға әрдайым баса назар аударады.

Жанашырлық, жауапкершілік, жасампаздық сияқты асыл қасиеттерді бойына сіңірген әйелдер қауымы еліміздегі ауқымды өзгерістерді жүзеге асыруға зор үлес қоса береді деп сенемін. Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін!» – деді Президент.

Алдыңғы жаңалық

«Президент бәрін біледі»: Тоқаев әуежайда әйелді құтқарған ер адамға награда беруді ұсынды

Келесі жаңалық

«Әйелім бар дегенді қою керек»: Блогер Сабина көпшілікті таңғалдырған мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі