aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ғалымдар отқа жанбайтын, радиацияға тозбайтын, аязға қатпайтын кабельдер ойлап тапты

11 марта, 2025
in Жаңалықтар
0
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында қазақстандық ғалымдар ойлап тапқан отқа жанбайтын кабельді таныстырды. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

— «Қазэлектромаш» деген үлкен зауытымыз бар, өндірістік компания. Олар құрылысқа, өндірістік компанияларға, теміржолға, әуежайға қажетті мынандай кабельдер шығарады. Бізде Алматыдағы ядролық институт, Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталық, Еуразия университетіндегі орталық сияқты бірнеше қызық зертхана бар. Еуразия университетіндегі үлкен қондырғы арқылы осы кабельдің физикалық қасиетін өзгертуге мүмкіндік алдық, — деді ол.

«Қазэлектромаштың» тапсырысымен қолға алған жобаның өнімін Өзбекстан бірінші болып сатып алған.

— «Қазэлектромаш» компаниясына айтқанымызда, «отқа жанбайтын кабель керек» дегенді айтты. Өйткені өндірістегі өрттердің негізгі себебі — қысқа тұйықталу. Кабельдің сыртқы қабаты балқып, содан от тұтанады. Сондықтан біз отқа салса жанбайтын, бықсымайтын кабель жасап шығардық. Мұндай кабельдердің алғашқы легі экспортқа шығып та үлгерді. «Өзбек темір жолдары» ұлттық компаниясы үлкен тапсырыс берген, қазір осы өнімді қолданып жүр. Одан кейін бізде суыққа арналған, төмен температураға шыдамды, радиацияға төзімді кабельдер бар, — дейді Саясат Нұрбек.

Министр аталған кабельдің отқа төзімділігін журналистерге көрсету үшін оттықпен күйдірген. Әңгімеге қызу кірісіп кеткен Саясат Нұрбек оттықтың шақпағы қызғанын байқамай қалып, саусағын күйдіріп те алды.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Алдыңғы жаңалық

Үкіметте су тасқынына дайындық талқыланды

Келесі жаңалық

Суық хабар: Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиева өмірден озды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі