aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақтан шыққан тұңғыш мұнайшы әйел туралы тың дерек табылды

19 марта, 2025
in Жаңалықтар
0
Қазақтан шыққан тұңғыш мұнайшы әйел туралы тың дерек табылды
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Архивтік зерттеу барысында қазақ мұнай саласындағы алғашқы әйел маманның есімі анықталды. Ол – Зәуре Құмарова, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

1928 жылы Атырау облысында дүниеге келген Зәуре Құмарова 1945 жылы небәрі 17 жасында мұнай өңдеу зауытына жұмысқа қабылданған. Алғашында электр-дәнекерлеуші болып еңбек етіп, кейін оператор қызметіне дейін көтерілді.

Жас маман техниканың тілін тез меңгеріп, еңбекқорлығымен көзге түсті. 1959 жылы ол Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланып, мұнай саласындағы әйелдер арасынан алғашқылардың бірі болып ел басқару ісіне араласты.

«1943 жылы Бүкілодақтық Лениндік коммунистік жастар одағының мүшесі атандым. 1948 жылы тұрмысқа шықтым. Жолдасым – Бердихан Кузембаев, 1926 жылы туған. Ол – Ұлы Отан соғысының 2-топ мүгедегі. Ұлым Асқар 1949 жылы, қызым Ботакөз 1951 жылы дүниеге келді. Өзім 1946 жылы 30 минут жұмыста болмағаным үшін істі болдым. Мемлекет пайдасына 3 айға жалақымнан ақы ұстап қалу туралы шешім шығарылды. 1951 жылы 14 маусымда жоғары кеңестің жарлығымен соттылығым алынып тасталды. Жолдасым №8 цехта машинист болып қызмет атқарады», — деп жазған ол өз өмірбаянында.

Қазақ әйелдерінің еңбек жолындағы қайсарлығының жарқын үлгісі болған Зәуре Құмарова 30 жылдық еңбек өтілімен 1975 жылы зейнетке шығып, 2008 жылы өмірден өтті.

Зәуре Құмарованың өмірі – қазақ әйелдерінің өндірістегі рөлін айқындайтын маңызды тарихи дерек. Оның еңбек жолын бүгінде немересі Қаламқас Аубекерова жалғастырып, Атырау мұнай өңдеу зауытында қызмет етуде.

Биыл Атырау мұнай өңдеу зауытына 80 жыл толады. Тарихи мерекеге орай зерттеу жұмыстары зауыттың бас директоры Ғалымжан Жусанбаевтың бастамасымен жүргізіліп жатыр. 70 мыңнан астам құжатты қамтитын өндірістік архивте 20 мыңға жуық адамның жеке іс қағазы сақталған.

Алдыңғы жаңалық

Алматы қаласының экономикалық тергеп-тексеру депатаментінің басшысы кәсіпкерлермен жеке кездесу өткізді

Келесі жаңалық

«Мынаны Баян көрді ме?»: тоқсанның төріндегі Бибігүл Төлегенова көрермендер алдында иіліп, құрмет көрсетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі