aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бүгін қасиетті Қадір түні — мұсылмандар қандай амалдарды орындағаны абзал

26 марта, 2025
in Жаңалықтар
0
Бүгін қасиетті Қадір түні — мұсылмандар қандай амалдарды орындағаны абзал
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін барша мұсылман қауымы үшін қасиетті – Қадір түні. Ислам ғалымдарының пікірінше, Қадір түні Рамазан айының 27-жұлдызына сәйкес келеді, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Қадір» сөзі араб тілінде қадірлі, қасиетті, дұрыс дегенді білдіреді. Шариғат тұрғысынан бұл түннің мағынасы: «Алла Тағала бір жылда болатын барлық істерді белгілеп, олардың жазылуын өз үкімімен шешетін түн» деп түсіндіріледі.

Қадір түнінде Құран Кәрім түсе бастаған. Құранның «Қадір» сүресінде Алла Тағала былай дейді: «Біз Құранды Қадір түнінде түсірдік. Қадір түнінің не екенін қайдан білесің? Қадір түні мың айдан да қайырлы. Ол түні барлық іс үшін Раббыңның рұқсатымен періштелер мен Жәбірейіл рухы түседі. Таң атқанша тыныштық орнайды».

Бұл аят Қадір түнінің адамзат үшін ерекше маңызды екенін білдіреді. Сол себепті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетінде мұсылмандарды Рамазанның соңғы он түнінде Қадір түнін іздеуге, оның сыйын табуға және осы түні құлшылық жасауды ұсынған.

Қадір түнінде қандай амалдар жасау керек?

Дұға жасау: Бұл түнде Алла Тағала құлдарын кешіреді және олардың тілектерін қабыл етеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Қадір түнінде дұға жасап, Алладан кешірім сұрауды насихаттаған. Бұл түні Алладан тілек тілеп, шын жүректен дұға жасап, кешірім сұрау керек.

Истиғфар (кешірім сұрау): Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Кім Қадір түнін иманмен және сауап тілеп, (намазда) тұрумен өткізсе, өткен күнәлары кешіріледі» деп айтқан. Айша анамызға «Аллаһуммә иннәкә афуун тухиббул-афуә фағфу әнни (Аллаһым! Сен кешірімдісің, кешіргенді жақсы көресің. Менің күнәларымды кеш)», – деп айтуды тапсырған. Сол себепті, бұл түнді мұсылман баласына истиғфар айтып, Алладан барлық күнәлар үшін кешірім сұраумен өткізу қайырлы болмақ.

Қайырымдылық жасау: Қадір түнінде қайырымдылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созу — үлкен сауапты іс. Пайғамбарымыз (с.а.с.) әрқашан мұсылмандарды қайырымдылыққа шақырған. Бұл түнде мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қолдау көрсету керек.

Зікір (Алланы еске алу): Қадір түнінде Алланы көп еске алып, зікір айту маңызды. «Субханаллах», «Аллаху Акбар», «Әшһаду ән лә иләһә иллаллах» деу жүректерді тазалап, Алланың рахымына жақындатады.

Тақ түндерді күту: Рамазан айының соңғы он күні ішінде Қадір түні болатынына үміттеніп, тақ түндерде құлшылық жасауға ерекше көңіл бөлу керек.

Қадір түнінде жасалған дұға-тілектер қабыл болады. Бұл түнде түрлі ғибадат жасап, нәпіл намазын оқып, Аллаға жақындататын іс жасаған абзал. Құран оқу, барлық мұсылмандар үшін дұға ету, күнәлардан тәубе ету және уағыз-насихат тыңдау — Алла Тағаланың кешірімі мен мейіріміне жетудің маңызды жолы болмақ.

Алдыңғы жаңалық

«Қорқынышты тенденция»: Мәжіліс депутаты көпбалалы аналар арасында өлім-жітім көбейгенін айтты

Келесі жаңалық

Ашық киініп, қолына қылыш ұстаған: Қайрат Нұртастың әйелі жаңа суретімен жігіттердің есін алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі