aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Сол түнгі жағдай қорқынышты, әлі күнге терапиядамын»: әнші Say Mo да экс-күйеуі Серік Шәріптен қорлық көргенін айтты

4 апреля, 2025
in Жаңалықтар
0
«Сол түнгі жағдай қорқынышты, әлі күнге терапиядамын»: әнші Say Mo да экс-күйеуі Серік Шәріптен қорлық көргенін айтты
0
SHARES
69
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Танымал отандық актер Серік Шәріп (лақап аты – Шакенти) соққыға жықты деп айыптаған бойжеткеннің оқиғасынан кейін бұрынғы жұбайы, танымал рэпер Мөлдір Есембек (лақап аты – Say Mo) басынан өткен жағдайын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айтуынша, өзі де бес жыл бұрын актердің қорлығына шыдай алмаған.

«Бұрынғы оқиға қайталанғаны өкінішті. Бірақ шынымды айтсам, бұл адамның әрекетіне мүлдем таң қалған жоқпын. Абьюзерлердің эгосы тым үлкен. Олар өзінің кінәсін мойындамайды, өзін дұрыс емес деп ешқашан ойламайды әрі олар ешқашан да өзгермейді. Ешқашан. Олардың ойынша, олар нағыз идеалды адам», — деп жазды Say Mo.

Әнші келесі Stories-те атышулы блогер Роза Әшірбайдың сөзін жариялайды.

«Say Mo Шакентиден кеткен кезде жұрт қызды кінәлап, жігіт сүттен ақ, судан таза болып шығып еді. Әділетсіз, зорлықшы адамды ешқашан жақтауға болмайды. Өйткені оның «жақсы» образына басқа қыздар алданады. Енді Әлияның (актердің бұрынғы сүйіктісі) сөзінен кейін сенетін шығарсыздар», — дейді Роза Әшірбай.

Осыдан кейін әнші блогерге жазған хатын жариялайды.

«Роза ханым, шынымды айтсам, мен мүлде таң қалған жоқпын. Осы жігіттен 5 жыл бұрын талай хоррор көріп едім, әлі күнге дейін терапиядамын.

Менде сол кезде дәлел болмағандықтан, осы тақырыпты ашық қозғауға қорыққан болатынмын. Себебі оның анасы – адвокат. Оның үстіне таныстарымның бәрі мені кінәлап, менен бет бұрған.

Есімде Вавилон тұрғын үй кешенінің алдында қол көтерген болатын. Сол тұрғын үй кешеніне хабарласып, видеосын ала алған жоқпын. Ал сол түні не болғанын айтып бастасам ұзақ және қорқынышқа толы әңгіме.

Айтайын дегенім, қыздар көбісі ойлайды: «менің қасымда ол ондай болмайды», ал ең қорқыныштысы «мен оны өзгертіп аламын». Бірақ біз көрген жағдай…» — делінген Say Mo-ның Роза Әшірбайға жазған хатында.

Алдыңғы жаңалық

Қазіргі «Орда» тобы кезінде «Гүлдер» сияқты жай биші болған – Алмат Сақатов жігіттерді қалай жинағанын айтып берді (ВИДЕО)

Келесі жаңалық

«Семей орманында» тағы да алапат өрт шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі