Өскемен қаласының тұрғыны танымал мессенджерлердің бірінде алаяқтардың құрбаны болған. Белгісіз біреу оның жеке деректерін, нақтырақ айтқанда растау кодын пайдаланып, оның атына жалпы сомасы 800 мың теңгеден астам 7 несие рәсімдеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Полиция департаменті азаматтарды бір реттік кодтарды, құпия сөздер мен жеке деректерді бөгде адамдарға берудің қауіпті екенін ескертеді. Алаяқтар несие рәсімдеу сынды түрлі тәсілдерді қолдана отырып, азаматтардың сеніміне кіріп, заңсыз әрекеттер жасайды.
Өзіңізді қылмыстық әрекеттерден қорғау үшін жеке мәліметтеріңізді құпия сақтап, ешкімге жібермеңіз, әсіресе мессенджер арқылы келген күмәнді хабарламаларды мұқият тексеріңіз. Алаяқтық белгілерін байқаған жағдайда дереу «102» нөміріне хабарласыңыз», — делінген хабарламада.
Фото: istockphoto.com